ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНАН ҚАШАН ШЫҒАМЫЗ!!!
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қала тазалығы – әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы. Өкінішке орай, соңғы уақытта Үшарал көшелерінде бейберекет тасталған қоқыс, қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін тигізуде. Қазіргі таңда қала бойынша ас қалдықтарын тастайтын бірнеше дүңгіршектер қойылған. Алайда кейбір қала тұрғындарымен коммерциялық нысандар, аталған дүңгіршектерге құрылыс қалдықтарын (шифер, кірпіш, цемент үй жиһаздарын , телевизор, диван, кресло т.б) үлкен автокөліктермен, прицептермен әкеліп төгуді әдетке айналдырған. Мәселен түске дейін тазалап алынған дүңгіршектер кешке қарай аузы мұрнынан шыға толып қалады. Өкінішке орай кейбір тұрғындар дүңгіршек манайын арнайы қатты қалдықтарды шығаратын полигон деп ойлайды. Қатты қалдықтарды шығаратын қала сыртында арнайы қоқыс алаңы бар екенін біле тұра кей азаматтар қаланың ластануын өз қолдарымен жасап отыр.
Құрметті тұрғындар! Қаламыздың көшелерін қоқыс тастайтын алаңға айналдырмай, таза ұстау әр азаматтың парызы екенін естеріңізге саламыз!
Қала көшелеріне қоқыс тастау үстінде байқалған автокөліктер мен жеке азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңының 434-2 бабына сәйкес, әкімшілік жаза қолданылатынын ЕСКЕРТЕМІЗ!!!