Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - заман талабы!

Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - заман талабы!

Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - заман талабы!

Бүгінгі таңда күллі әлем күн санап цифрландыру заманына көшуде. Халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттыру үшін қызмет көрсету процестерін оңтайландыру, қағазбастылық пен сөзбұйдаға салуды және қажеті жоқ артық рәсімдерді жою, үздік цифрлық технологияларды енгізу, бизнес-процесстерді автоматтандыру кеңінен жүргізілуде.
Цифрландыру бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Осылардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы қағаз құжаттар айналымы азайды.
Азаматтардың Egov.kz порталы мен оның басқа сервистері, сонымен қатар мемлекеттік органдардың ақпараттық порталдары арқылы электронды түрде қызмет алуға өтініш білдіру саны артты. Мәселен, жыл басынан бері округ бойынша 700-ге жуық қызмет электронды түрде ұсынылды.