ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ - ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!
Құрметті Үшарал қаласының тұрғындары!
Бүгiнгi қаланың сан қырлы мәдениетiн айтсақ, шешiмiн күтiп тұрған iс көп. Ең бастысы, бұл өзiмiз тұратын, еңбек ететiн, өзгелерге мақтаныш ететiн қаламыздың мәдениетi. Қаламызды сырттан өзге бiреулер келiп ластамайды. Қаланы күл-қоқыстардың мекенiне айналдырып жатқан өзiмiз. Күнделікті тазаланатын, яғни кеше ғана қоқыстан арылған жердi бүлдiрмей, таза ұстау мәдениетiн игере алмай жатқан да өзiмiз.
Әр саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. “Ауылына қарап, азаматын таны” деп осыдан айтылған емес пе? Қоршаған ортаның тазалығы барлық адамзаттың міндеті.
«Тазалық – денсаулық кепілі»- демекші, қызметкерлердің еңбегін бағалап, түсіністікпен қарау әрбір азаматтың қолынан келетін ізгі істердің бірі екенін ұмытпайық!
❗️❗️❗️
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы бойынша белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтарды шығарғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтілді. Енді мұндай құқық бұзушылықтар үшін едәуір айыппұлдар мен әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтарды шығарғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, 434-2-бап бойынша “жалпы пайдалану орындарының ластануы”бойынша айыппұлдар ұлғайтылды. Саябақтарды, скверлерді ластағаны және белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтарды шығарғаны үшін айыппұл 10 АЕК (бұрын 5 АЕК) құрайды.