Тоқжайлау ауылының әкімі ауыл тұрғындарымен бірге мектептің 90 жылдық мерейтойына қатысты. Мерейтой аясында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, білім ордасының тарихы мен жетістіктері насихатталды. Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарға алғыс білдіреміз. Мектебіміздің мерейі үстем, жетістігі мол болсын!