Елің сүйген ердің еңсесі биік

Елің сүйген ердің еңсесі биік

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде «Елің сүйген ердің еңсесі биік» атты тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін құрметтеуге баулу.  Шара барысында оқушылар мен ұстаздар қатысып, Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығы туралы тағылымды ойлар айтылды. Арнайы көрме ұйымдастырылып, елін қорғаған батырлар мен қайраткерлерге арналған кітаптар таныстырылды.Сонымен қатар, әскери киімдегі оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық рухтағы қойылымдар ұсынды. Бұл іс-шара жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, Отан алдындағы жауапкершілігін сезінуге ықпал етті.