Колледжде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

Колледжде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

Тоқжайлау көпсалалы колледжінде санитарлық тазалық жұмыстары аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға колледж студенттері мен оқытушылары белсенді қатысып, оқу орнының аумағын тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында қатысушылар ауладағы қоқыстарды жинап, жол жиектерін тазалап, ағаштардың түбін ретке келтірді. Бұл шара қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.