
Тоқжайлау ауылында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында арнайы жұмыстар жүргізілуде. Ауыл маңындағы өзен арналарын тазалау, судың еркін ағуын қамтамасыз ету бағытында техника жұмылдырылды.Қазіргі таңда өзен бойындағы қар мен мұз қалдықтары тазартылып, су өткізу арналары кеңейтілуде. Бұл жұмыстар су деңгейінің көтерілуінің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мұндай алдын алу шаралары көктем мезгіліндегі табиғи қауіптердің алдын алып, ауыл аумағын су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.