
Тоқжайлау ауылындағы көпсалалы политехникалық колледжінде студенттер мен мұғалімдер арасында баскетболдан спорттық жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылар мен педагогтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту болып табылады.