"Кітапханаға кітап сыйла " акциясы

"Кітапханаға  кітап  сыйла " акциясы

Тоқжайлау ауылдық кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында игі іс-шара ұйымдастырылды.
Акция барысында Тоқжайлау бастауыш партия ұйымының төрайымы Темербаева Ботагөз Қапсаметқызы кітапхана қорына өз үлесін қосып, кітаптар сыйға тартты. Бұл — кітапсүйер қауымға жасалған үлкен қолдау әрі көпшілікке үлгі боларлық игі қадам.
Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі. Осындай ізгі бастамалар арқылы оқырманға жол тартқан әрбір кітап жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.