Қабанбай – Тоқжайлау бағытындағы жолда жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қабанбай – Тоқжайлау бағытындағы жолда жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі уақытта Қабанбай – Тоқжайлау бағытындағы облыстық маңызы бар ұзындығы 20 шақырымды құрайтын автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жол – аудан аумағындағы елді мекендер арасын байланыстыратын маңызды көлік бағытының бірі.

Жобаның басты мақсаты – жол сапасын арттырып, тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету. Орташа жөндеу жұмыстары аясында асфальт төсеу, жол жабынын нығайту, жол жиегін реттеу және су өткізу жүйелерін қалыпқа келтіру шаралары жүзеге асырылуда.

Құрылыс техникасы толық көлемде жұмылдырылып, жұмыс белгіленген мерзімге сай қарқынды жүргізілуде. Жоба облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылуда.

Аталған жол учаскесінің жаңғыртылуы ауылдар арасындағы көлік қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.