Теректі ауылдық округінде су құбыры жүйесін жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, қазіргі уақытта құбыр тартылған аумақтарда жерді тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы техника күшімен жолдар мен аулалардағы қазылған жерлер қалпына келтірілуде.
Бұл жұмыстар тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Ауыл әкімдігі абаттандыру мен жөндеу шаралары толық аяқталғанша бақылауды жалғастыратынын хабарлады.