Стол теннисі

Стол теннисі

9 Мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Теректі ауылдық округінде бұқаралық спорт нұсқаушысы Е. Жексембаевтың ұйымдастыруымен үстел теннисінен жарыс өткізілді. Жарысқа ауыл жастары мен мектеп оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыстың ашылу салтанатында ауылымыздың ардагер спортшысы әрі бас төрешісі Ч. Мұхаметжанов сөз сөйлеп, ойын тәртібін түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы жарысқа 12 спортшы қатысып, тартысты әрі жоғары деңгейде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын – Сакенов Даурен
🥈 2-орын – Амангелдіұлы Жантас
🥉 3-орын – Шармерден Нұргелді

Жеңімпаздар арнайы медальдармен және грамоталармен марапатталды.