Алакөл ауданында семинар-түсіндірме жиыны өтті

Алакөл ауданында семинар-түсіндірме жиыны өтті

Алакөл ауданында семинар-түсіндірме жиыны өтті

2026 жылғы 14 сәуір күні Алакөл ауданы әкімінің аппараты ғимаратында семинар-түсіндірме жиыны өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қабаев Арман Маратұлы төрағалық етті.

Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Асқарұлы Арыстан, Жетісу облысы дін істер басқармасының бөлім бас маманы Мұхтархан Бақтыбайұлы, сондай-ақ Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы баяндама жасады.

Семинарға жалпы саны 80 адам қатысып, олардың қатарында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық бөлім басшылары мен мамандары, қала және ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік қызметшілер болды.

Іс-шара барысында:
– мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары;
– мемлекеттік қызметшілердің дін мәселесіне қатысты қызметтік ұстанымы және зайырлылық қағидаттарын сақтау;
– мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібі мен әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.