Теректі ауылдық округінде «Таза бейсенбі» сенбілігі өтті

Теректі ауылдық округінде «Таза бейсенбі» сенбілігі өтті

Теректі ауылдық округінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ауыл көшелерінің бойы, қоғамдық орындар, жол жиектері және бұлақ маңдары тазартылып, жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды.

Аталған шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар белсенді қатысып, ауылдың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Сонымен қатар бұлақ көздерінің маңы ретке келтіріліп, айналасы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай тазалық шаралары ауыл аумағында санитарлық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға бағытталған. «Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.