📢 Теректі ауылдық округінде жиын өтті

📢 Теректі ауылдық округінде жиын өтті

30 наурыз күні Теректі ауылдық округінде ауыл тұрғындары мен бақташылар арасында үш жақты келісімшарт жасау мақсатында мал табыны мен қой табыны бойынша жиын өтті.

Жиын барысында мал табынын ұйымдастыру, бағасы және бақташылардың жауапкершілігі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мал ұрлығының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға сақтық шараларын күшейту, малды таңбалау және құжаттандыру қажеттілігі айтылды.

Кездесу барысында тұрғындар өз ұсыныстарын білдіріп, ортақ келісімге келу жолдары қарастырылды. Жиын қорытындысы бойынша үш жақты келісімшарт жасау қажеттігі атап өтіліп, алдағы уақытта мал табынын ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болды.

🤝 Ауылдағы бірлік пен тәртіп – ортақ жауапкершілік.
🐄 Мал қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет.