
18 наурыз – Ұлттық киімдер күніне орай Теректі ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жұмысқа ұлттық киіммен келді.
Бұл бастама – ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғыртып, ұлттық мәдениетімізді кеңінен насихаттауға бағытталған игі іс. Ұлттық нақыштағы киімдер әр қызметкердің бойына ерекше рух пен мақтаныш сезімін ұялатты.
Бүгінгі жұмыс күні ұлттық дәстүр мен заманауи қызметтің үйлесім табуымен ерекшеленді. Осындай шаралар арқылы біз өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтардың маңызын көрсетіп, мәдени мұрамызды сақтауға үлес қосамыз.
#Наурыз #ҰлттықКиімКүні #Теректі #РуханиЖаңғыру