
Теректі ауылдық округі бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында арық жүйелерін қардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған шаралар елді мекен ішіндегі су өткізу арналарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және еріген қар суларының кедергісіз ағуына бағытталды. Тазалау жұмыстары барысында арық-атыздар мен су жүретін жолдар қар мен мұздан толықтай аршылды.
Бұл жұмыстар көктем мезгілінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу қаупінің алдын алуға, сондай-ақ санитарлық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді. Алдағы уақытта да су тасқынына қарсы алдын алу шаралары тұрақты бақылауда болады.