
Ауа райының жылынуына байланысты Теректі ауылдық округі аумағындағы ішкі көшелерде қар еріп, шалшық сулар пайда болды. Түнгі уақытта су қатып, жол қозғалысына қолайсыздық тудырды. Осыған орай округ бойынша шалшық су жиналған және мұз қатқан жол учаскелерінде тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көлік қозғалысы мен тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды.