Теректіде ветеринар маман зейнетке құрметпен шықты

Теректіде ветеринар маман зейнетке құрметпен шықты

Теректі ауылдық ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Балтабек Коскулдинов ұзақ жылдық еңбектен кейін зейнеткерлікке шықты. Осыған орай, ауыл әкімі оған алғыс хат тапсырып, иығына шапан жауып, жылы лебізін білдірді.

Шағын жиын барысында әріптестері мен ауылдастары Балтабек Қоскүлдиновтың ауыл шаруашылығы мен мал денсаулығын сақтау жолындағы еңбегін атап өтті. Еңбек жолы өнеге боларлық ардагер маманға зор денсаулық пен амандық тіледі.