
Теректі ауылдық округінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында жастар саябағының маңы қоқыстан тазартылып, сырлау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қоғамдық жұмысшылар, ауыл жастары мен еріктілер белсене атсалысты. Олар саябақ аумағын қоқыстан тазартып, орындықтар мен қоршауларды сырлап, туған өлкені көркейтуге өз үлестерін қосты.