Теректі ауылдық округінде "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" өз жұмысын жалғастыруда. Бұл жерде келген азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу жолдары түсіндіріледі. Мамандар тұрғындарға электронды үкімет порталы арқылы анықтамалар алу, өтініш жолдау және ЭЦҚ рәсімдеу сияқты мәселелер бойынша кеңес береді. Бұрыштың мақсаты – халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету.