
Теректі ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Бұлақ көрсең, көзін аш» атты экологиялық іс-шара өтті. Акция барысында ауыл тұрғындары мен еріктілер жергілікті бұлақ көзін тазалап, оның маңайын әрлеу және қорғау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шарада бұлақ көзінің айналасы тазартылып, артық қоқыстардан арылды. Сондай-ақ, бұлақтың айналасы ақталып, сырланып, табиғи орта жақсартылды. Тұрғындар экологиялық жауапкершілікті сезініп, бірлесіп жұмыс істеді.
Акцияның мақсаты – жергілікті су көздерін қорғау, табиғатқа деген қамқорлықты арттыру және халықты экологиялық тәртіпке баулу. Бұл іс-шара ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосты.