Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кері әсерін тигізетін теріс құбылыс. Онымен күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Осыған байланысты Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында бірқатар іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, округке қарасты білім беру мекемелерінде жастар арасында адалдық, әділеттілік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер үшін заңнама талаптарын сақтау, этика нормаларын ұстану және ашықтық принциптері басты назарда.

Сонымен қатар тұрғындармен кері байланыс орнату, азаматтардың өтініш-шағымдарын ашық қарау, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстары қолға алынған. Мұның барлығы ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

Біз болашағымыз жарқын болсын десек, қоғамда әділеттілік пен тазалықты орнықтырып, әрбір азаматтың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруымыз қажет.