Сапақ ауылындағы тыл еңбеккерлерімен кездесу

Сапақ ауылындағы тыл еңбеккерлерімен кездесу

Тыл еңбеккерлеріне құрмет! Бүгін Ұлы Жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлерін құттықтап, аудан әкімінің орынбасары Арман Маратұлы Қабаев арнайы келді. Қиын-қыстау заманда ерен еңбек еткен Садыков Мұқаш, Пьянкова Александра Семеновна және Сухоруков Петр Андреевич сынды ардагерлерімізге алғыс білдіріліп, "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" бірыңғай мерекелік медалімен марапаттады. Ардагерлерге көрсетілген құрмет – өткен тарихымызға тағзым, өскелең ұрпаққа өнеге.