Мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жүргізілді

Мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жүргізілді

Сапақ ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету бұрышында тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктері, қажетті құжаттар тізбесі, қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін электрондық үкімет порталының мүмкіндіктері түсіндірілді.