
Сапақ ауылдық округі Сапақ орта мектебінде 8-наурыз мейрамына орай «Аяулы аналарға құрмет» атты мерекелік іс-шара өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, ауыл әкімі Е.Ж.Биекбаев ауылдағы алтын құрсақты аналар мен ақ жаулықты әжелерді мерекемен құттықтады. Әкім өз сөзінде: «Ауылдың берекесі мен бірлігін сақтап отырған сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз», – деп атап өтті. Мерекелік жиын барысында аналарға гүл шоқтары табыс етіліп, мерекелік концерт берілді.