Хабарландыру Құрметті, Жетісу облысының тұрғындары, 2025 жылғы 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні»  – мен 15 маусым күндері аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.

“Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсы отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттауға, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған.

Конкурсқа мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) Жетісу облысының отбасылары қатыса алады.

Толық ақпаратты аудандық, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінен алуға болады. 
#Otbasym2025