
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Лепсі тарихи музейі үлкен жетістікке қол жеткізді. Жетісу облысының мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін музейіміз «Үздік музей» номинациясымен марапатталды.
Осынау мәртебелі марапатпен қатар музейге 200 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат табысталды. Сертификатты Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев салтанатты түрде табыс етті.
Бұл марапат – музей ұжымының қажырлы еңбегі мен туған өлкеміздің тарихын зерттеу, сақтау және насихаттау жолындағы ізденістерінің жоғары бағалануының айқын көрінісі.
Бізге сенім білдіріп, еңбегімізді жоғары бағалаған облыс басшылығына және әрбір келушімізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да мәдени мұрамызды дәріптеу жолындағы жұмысымызды жалғастыра береміз.