
9 мамыр – Жеңіс күніне орай ауылдық мәдениет үйінде «Ұлы Жеңіс» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті. Шара барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі еске алынып, батыр бабаларымыздың Отан үшін жасаған жанқиярлық еңбектері туралы айтылды. Ауыл тұрғындары патриоттық әндер айтып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар соғыс жылдарындағы тарихи оқиғалар жайында мәліметтер беріліп, майдангерлер рухына тағзым жасалды. Кеш соңында келген қонақтар ардагерлерге құрмет білдіріп, бейбіт өмірдің қадірі жайлы ой бөлісті.