
Лепсі ауылдық округінде мекемелер арасында көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға округ аумағындағы түрлі мекемелердің қызметкерлері белсенді түрде қатысып, ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Ағаш отырғызу барысында белгіленген аумақтар тазартылып, көшеттер отырғызылып, оларды күтіп-баптау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама ауыл экологиясын жақсартуға, жасыл желекті көбейтуге және тұрғындар арасында табиғатқа деген жанашырлықты арттыруға бағытталған.
Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, Лепсі ауылының көркеюіне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.