
Лепсі ауылдық округінде жасөспірімдер мен жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсерін түсіндіру, сондай-ақ құқық бұзушылық пен теріс әрекеттердің алдын алу болды. Осы бағытта білім беру ұйымдарымен бірлесіп ақпараттық дәрістер, түсіндіру кездесулері, дөңгелек үстелдер, шығармашылық байқаулар мен бейне сабақтар өткізілді.