Тазалық – ортақ іс

Тазалық – ортақ іс

Лепсі ауылында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ауыл аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар жиналды. Қатысушылар белсенділік танытып, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Нәтижесінде аумақтың санитарлық жағдайы жақсарып, ауылдың көркі арта түсті.