Қазақстан спортындағы жас талант – Айша Ракишева

Қазақстан спортындағы жас талант – Айша Ракишева

 Айша Ракишева сынды спортшымызбен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылармен еркін сұхбат өтіп, жас буын өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Спортшы өзінің жетістікке жету жолы, спорттағы алғашқы қадамдары мен қиындықтары туралы айтып, жастарға мотивация берді.

Айша Ракишева — биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спортшы. Ол 2002 жылғы 5 мамырда дүниеге келген. Бастапқыда шаңғы жарысымен айналысып, кейін биатлонға ауысты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті түлегі.

2026 жылы Италияда (Милан және Кортина-д’Ампеццо) өткен XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, спринт және жекелей жарыстарда өнер көрсетті. Бұл оның алғашқы Олимпиадасы болды.

Қысқа уақыт ішінде биатлонға бейімделіп, ұлттық құрама сапына енуі – оның еңбекқорлығы мен табандылығының дәлелі. Бүгінде Айша Ракишева еліміздің болашағынан зор үміт күттіретін талантты спортшылардың бірі болып саналады.