
Ауылымызда мерекеге орай концерттік шара ұйымдастырылды. Шара барысында ауыл әкімі Б. Әукенов ардақты аналарымыз бен аруларымызды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аналарымызға алғыс айтып, нәзік жандыларға зор денсаулық, отбасыларына бақыт пен береке тіледі. Мерекелік кеш әсем ән мен көтеріңкі көңіл күйге толы болды.