"Бірлік – еліміздің тірегі" атты мерекелік іс-шара өтті!Бұл күн – Отанымыздағы ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын, бірлігін, достығын дәріптейтін ерекше мереке. Оқушылар түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін таныстырып, ұлттық киім киіп, би билеп, көріністер қойып, өз өнерлерін көрсетті.Әр өнерде – бірлік, әр қадамда – татулық сезілді. Кеш соңында ауыл үлкендері өздерінің жылы лебіз-тілектерін білдірді.