«Конституциялық құндылықтар – қоғам дамуының негізі»

«Конституциялық құндылықтар – қоғам дамуының негізі»

"Қызылащы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де «Конституциялық құндылықтар – қоғам дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар Ата Заңның қоғамдағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және ел болашағына бей-жай қарамайтын белсенді тұлға қалыптастыруға бағытталды.

​Қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, Ата заңның әр баптарына тоқталып өтті.