«Бірлік– басты байлығымыз»

«Бірлік– басты байлығымыз»

Қызылащы ауылдық округінде жастар ісі-жөніндегі әдіскер нұсқаушысы мен мәдениет үйі және Қызылащы орта мектебі бірлесіп «Бірлік– басты байлығымыз» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

Шара барысында: мектеп оқушылары әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, олардың мәдениетін, салт-дәстүрін және өнерін таныстырады. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, түрлі ұлттарға деген құрмет пен достықты нығайтуға бағытталған.