
Қызылащы ауылдық округі жастар ісі-жөніндегі әдіскер нұсқаушысы мен ауылдық учаскелік полиция инспекторы Мухашев Азамат Базарбекұлы және ауылдық кітапханашы бірлесіп Қызылащы ОМ – де жастар арасында және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Интернет кеңістігіндегі экстремистік және террористік сипаттағы ақпараттардың таралуының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға интернет желілері мен әлеуметтік платформаларда таралатын жалған және деструктивті ақпараттардың қауіптілігі түсіндірілді. Сонымен қатар экстремистік және террористік ұйымдардың жастарды өз қатарына тарту үшін қолданатын әдіс-тәсілдері туралы ақпарат берілді.