«Заң талаптарын сақтау – жауапты азаматтың міндеті»

«Заң талаптарын сақтау – жауапты азаматтың міндеті»

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында ««Заң талаптарын сақтау – жауапты азаматтың міндеті»» тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, құқық бұзушылық жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік, өз құқықтарын заңды жолмен қорғау және құқықтық нормаларды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.Жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу ең алдымен құқықтық сауаттылық пен жеке жауапкершіліктен басталатыны, заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екені айтылды.