
Қызылащы ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні «Бірлік пен бейбітшілік» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мемлекеттік рәміздер - ел егемендігі мен, тәуелсіздіктің айшықты белгісі ғана емес,халқымыздың рухани байлығы мен біртұтастығын бейнелейтін баға жетпес құндылықтар. Олар - еліміздің өткені мен бүгіні, жарқын болашағы арасындағы рухани сабақтастықтың айғағы.Жастар ісі жөніндегі нұсқаушы баяндамасында Бүгінгі бейбіт өміріміз бен тұрақты дамуымыздың негізі - осы қасиетті рәміздеріміздің төңірегінде топтасқан ел бірлігі екендігін. Ауылымыздың өсіп-өркендеуі де -осы ортақ құндылықтарымызды құрметтеп,ұрпаққа аманат ете білуде екенін атап өтті.