
15-Наурыз - Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, қол алысып,амандасып, қыстан аман шыққанына қуанып, жақсы тілектер айтады. Реніштер ұмытылып, адамдар татуласады. Бұл күнді кейде Амал мерекесі деп айтады. Ол Наурыз Мейрамы мерекесінің басталуын білдіреді.
Көрісу күні құтты болсын!