Алакөлдіктер жеңіс тұғырынан көрінді

Алакөлдіктер жеңіс тұғырынан көрінді
Алакөлдіктер жеңіс тұғырынан көрінді
 
2025 жылдың 13-20 сәуір күндері аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында ардагерлер арасында самбо күресінен Азия және Океания чемпионаты өтті.
 
Аталған ауқымды жарыста Алакөл ауданының абыройын шетелде асқақтатқан ардагер спортшыларымыз Б.Шаяхметов, Б.Ақбашев және Е.Темірханов жүлделі орындарға ие болып, жеңімпаз атанды.
 
Осы орайда, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спортшыларды қарсы алу рәсімі өтті.
 
Салтанатты шарада аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Б.Айтахметов ардагерлерімізді жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да жарқын жеңістерге жете беруіне тілек білдірді. Сонымен қатар, аудан әкімі А.Абдиновтың алғыс хатымен марапаттады. 
 
Облыстық мәслихат депутаты А.Садиев те ізгі тілегін жеткізіп, бұл жеңіс болашақ жас спортшыларға үлгі екенін жеткізді.