
21 наурыз күні Қамысқала ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы өткізілді. Шара барысында мектеп оқушылары дайындаған мерекелік концерт көрсетіліп, наурыз көже таратылды. Келесі кезекте спорттық ойындар арқан тартыс, гір тасын көтеру, шеге қағу және бұқа көтеру өткізілді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.