«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы аясында Қамысқала ауылдық округіндегі фельдшерлік-акушерлік пунктте (ФАП) зерделеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы аясында Қамысқала ауылдық округіндегі фельдшерлік-акушерлік пунктте (ФАП) зерделеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы аясында Қамысқала ауылдық округіндегі фельдшерлік-акушерлік пунктте (ФАП) зерделеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында мекемедегі маңдайшалар, ақпараттық стендтер мен көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарына сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпараттарды сауатты әрі талапқа сай рәсімдеудің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде 1 қателік анықталып, дер кезінде түзетілді. Мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тіл талаптарын сақтау және ресми жазбаларды заңнамаға сәйкес рәсімдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және тіл мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.