
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Қамысқала ауылдық округінде 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай мектеп оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Алакөл орта мектебі» КММ оқушылары белсенді қатысып, қазақ халқының дәстүрлі спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты. Жарыс барысында асық ату, арқан тарту, қазақша күрес секілді ұлттық ойындар өткізіліп, оқушылар өздерінің ептіліктерін, күш-жігерлерін және шапшаңдықтарын көрсетті.
Іс-шараны Қамысқала ауылдық округі бойынша спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушы А. Еркінұлы ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Ол өз сөзінде ұлттық спорттың маңыздылығына тоқталып, жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге шақырды.
Шараның негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, оқушылар арасында дене шынықтыруды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру болып табылады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар анықталып, арнайы марапаттарға ие болды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.