18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – Ұлттық киім күні

Қамысқала ауылдық округінде 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Аталған шараға «Қамысқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, «Алакөл орта мектебі» КММ және Қамысқала фельдшерлік-акушерлік амбулаториясының қызметкерлері белсенді қатысып, ұлттық киім кию арқылы қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық киімді дәріптеу, салт-дәстүрлерді жаңғырту және өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру болып табылады.