
Алакөл ауданында «Бірлік пен алғыс – мәңгілік ел тұғыры» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті.
Аудан тұрғындары мен қонақтарының басын қосқан кеш З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйі сахнасында ұйымдастырылды. Шара барысында бірлік пен татулықтың маңызы кеңінен насихатталып, ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірілді.
Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов құттықтау сөз сөйлеп, барша аудан тұрғындарын бірлік пен алғыс мерекесімен құттықтады.
Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар әсем ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік кеш – ынтымақ пен өзара құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
Дереккөз: Алакөл ауданы әкімінің ресми сайтынан алынды