
Құтқарушылар күнімен!
18 қазан күні Құтқарушылар қызметінің 30 жылдығына орай Алакөл ауданы әкімдігінде мерекелік жиын өтті.
Іс-шара барысында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюда табандылық танытып, адам өмірін қорғауда ерлік пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсеткен ауданның құтқарушылары Алғыс хаттармен марапатталды.
Олар – қиын сәтте көмекке келіп, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін абзал жандар.
Барша құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз тыныш, отбасыларыңыз аман болсын!
Дереккөз: Алакөл ауданы әкімінің ресми сайтынан алынды