"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" атты акция

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" атты акция

        Қайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттау мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында тұрғындарға сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның алдын алу жолдары және құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беріліп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды.
      Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда заң үстемдігі мен ашықтық қағидаттарын нығайту.