Отбасындағы құқықтық тәртіп

Отбасындағы құқықтық тәртіп

       «Қайнар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі “ Отбасындағы құқықтық тәртіп” тақырыбында ата аналармен кездесу өткізді. Отбасындағы құқықтық тәрбие — бұл балалар мен жасөспірімдердің құқыққа сенімін қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және заңнаманың әділдігін үйрену.
       Құқықтық сананы тәрбиелеу мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандырудың айрықша міндетті ісі болып табылады.
Құқықтағы тәрбиенің негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениет дағдыларын қалыптастыру.